Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында заңсыз алкоголь өнімдерін шығарған цех анықталды

2021 жылдың 26 қараша 2021 12:01

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында алкоголь өнімдерін өндіріп келген жасырын цех анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасай ауданы, Әйтей ауылының тұрғыны өз үйінде антисанитарлық жағдайда арақ-шараптың танымал маркаларын бөтелкелерге құйып, ірі көлемде саудаға шығарып отырған. Қаржы мониторингі Агенттігінің Алматы облысы аумақтық департаменті мамандарымен тексеру барысында 7000 акциздік марка, әр түрлі алакоголь сусындарының 850 бөтелкесі мен қақпақтар және бөтелке жабатын қондырғыларды анықтады. Сондай-ақ құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 25 литрлік ыдыстар мен басқа да құрал-жабдық тәркіленді.

«Аталған факт бойынша Қарасай аудандық сот үкімімен ҚР ҚК 233 бабы, 2-ші бөлігі бойынша ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беріліп, тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау орнатылды. Және 300 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалған»,- деді Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Айнұр Ыдырысова.


Жоғары қарай