Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбыл облысының тұрғынынан «Калашников»  автоматы тәркіленді

2021 жылдың 26 қараша 2021 02:53

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының тұрғынынан «Калашников» автоматы мен оның оқтары тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі және ҰҚК қызметкерлері бірлесіп Абай ауылына қарасты тау бөктерінде, 32 жастағы Каменка ауылының тұрғынынан заңсыз сақталынған АКСУ-74 маркалы автомат қаруы жәнеде басқа да тегіс ұңғылы атыс қаруы, 5,45 калибрлі бірнеше оқ-дәрі тәркіленді.

«Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 287 бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілуде. Қару-жарақтардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-баллистика сараптамасы тағайындалды»,-делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.



Автор Сая Сембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай