Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Мен жастарға сенемін» республикалық жастар форумының жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 26 қараша 2021 01:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін» республикалық патриот жастардың форумы өтті. Дәстүрлі түрде тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы жастар патриотизмін дамыту.

«Мен жастарға сенемін» форумы аясында республика бойынша студенттердің ғылыми жұмыстары қабылданды. Жарысқа барлық өңір қатысып, үздік деп танылғандар 1 жылдық тегін грантқа ие болды.

«Мен жастарға сенемін» республикалық форумының гран-при иегерлерінің бірі – Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті Дамир Шадибекұлы.

Ол «Дәрігер – ардақты мамандық» бейнеролик байқауына өзінің туындысын ұсынып, жеңіске жетіп отыр.

«Жастардың еңбегін бағалап, мүмкіндік беретін бүгінгі форумның маңыздылығы өте жоғары. Осы форумды өткізуге мұрындық болған барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», – деді Дамир Шадибекұлы.














Жоғары қарай