Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-да қараша айында 690-ға жуық адамнан коронавирус табылды

2021 жылдың 25 қараша 2021 17:13

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қараша айында 684 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 54 пайызы (367) ЖРВИ белгілерімен тексерілген кезде анықталды.

Сондай-ақ 27 пайызы (185) профилактикалық мақсатта қаралса, 18 пайызы (122) бұрын ауырғандармен байланыста болған. 1 пайызынан (10) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Департамент мәліметіне қарағанда, «Ashyq» жобасы бойынша 1-25 қараша аралығында үйлерінде оқшаулануы тиіс 72 адамның карантин талабын бұзғаны белгілі болды. Соның 61-і – «қызыл», 11-і – «сары» мәртебесі бар адамдар. Карантин талабын бұзғандарға қатысты 21 әкімшілік хаттама толтырылып, 918 855 теңге айыппұл салынды.

Осы айда мемлекеттік шекарадан анықтамасыз өткен 661 жолаушының біреуі індет жұқтырған болып шықты. Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын, анықтамасы жоқ 741 жүргізушінің үшеуінен коронавирус табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 900-ге жуық адамның Pfizer вакцинасын салдырғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай