Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қар мен көктайғақ: Алматыда күн райы бұзылады

2021 жылдың 25 қараша 2021 17:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күн райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматыда ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы күндері Алматыда қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы төмендейді.

26 қараша күні қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 12 м/с жетуі ықтимал. Ауа температурасы төмендейді.

27 қарашада күн бұлтты. Түнде қалың қар жауады. Жолдарға мұз қатып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде - 8 – 10 градусты көрсетеді.

28 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8-10 аяз, күндіз 3 градус жылы болады.

Бұған дейін Қазгидромет 2021 жылғы қарашаға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған еді.

Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайтын болады, соған байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі: екпінді жел, бұрқасын, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) болады. Содан кейін суық ауа массаларының Ресей аумағынан енуімен екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында температуралық фонның төмендеуі болжанады.




Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экология, Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай