Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Маңғыстау облысында халықтың 41% толық вакцина алды

2021 жылдың 25 қараша 2021 15:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте осы індетпен ауырған 5 адам анықталды. Пандемия басталғалы облыста COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 23 360 құраса, қазіргі таңда 22 670 адам емделіп шықты, өкінішке орай 1170 адам қайтыс болды», - деді Н. Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні стационарларда 43 адам ем қабылдап жатыр, 5 науқас реанимацияда жатыр. Стационарлар мен реанимация бөлімшелерінде төсек-орындардың толымдылығы сәйкесінше, 15% және 14% құрайды.

«3089 бизнес объектісі Ashyq мобильдік қосымшасын пайдалануда, оны енгізу бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Халық арасында індеттің алдын алу бойынша екпе жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде І компонентпен халықтың 46%, II компонентпен – 41% екпе алды», - деді Н. Ноғаев.


Жоғары қарай