Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көктайғақ: ШҚО-да 250-ден астам адам зардап шекті

2021 жылдың 25 қараша 2021 14:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ салдарынан 250-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері тұрғындар арасында көктайғақ салдарынан жарақат алып, қол-аяғы көгеріп, сынғандар саны күрт көбейген. Облыс ауруханаларына күніне жүздеген адам жүгінуде.

«Кеше Өскемендегі медициналық мекемелерге 150 адам келсе, Семейде де жүзден асып отыр. Ал бүгін таңертеңнен бері 20-ға жуық азамат көктайғақтан зардап шеккен. Жұртшылыққа тайғанап құлап, қандай да бір жарақат алған жағдайда бірден дәрігерлерге қаралу керектігін ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 25 қарашада Шығыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқыған болатын.


Жоғары қарай