Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирус вакцинасы тіркелді

2021 жылдың 25 қараша 2021 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде жасөспірімдерге салынатын коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей Федерациясы 12-17 жастағы жасөспірімдерге арналған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ресми түрде тіркеді. Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы (ЭМҰЗО) жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцинасын қолдану құқығын алды. Бұл туралы аталмыш орталық басшысының орынбасары Денис Логунов мәлім етті. Қазан айының ортасында ЭМҰЗО директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина «Спутник М» деп аталатынын хабарлаған болатын. Жасөспірімдерге екпе ерікті негізде және ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жасалатын болады.

Ұлыбритания ғалымдары коронавирустың ауыр штамының қаупі бар екенін мәлімдеді. Олар B.1.1.529 штамының 32 ықтимал қауіпті мутациясын анықтады. Бұл өзгерістер белгілі SARS-CoV-2 нұсқаларына қарағанда вакциналарға төзімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар мутация патогенді антиденелермен анықтауды қиындатады. Әзірге бұл штаммен инфекцияның 10 жағдайы анықталды. Үшеуі Бостванда, алтауы Оңтүстік Африкада, тағы біреуі Гонконгта тіркелген. Сарапшылар толық зерттеуге дейін жаңа штамның қаншалықты жұқпалы болатындығы туралы ақпарат ұсынған жоқ.


Жоғары қарай