Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннис: Азия біріншілігінің жартылай финалында Қазақстан мен Өзбекстан сынға түседі

2021 жылдың 25 қараша 2021 02:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) жартылай финалында Қазақстан мен Өзбекстан командалары сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар да, ұлдар да топтық бәсекеде жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Ұлдар таиландтықтардан жеңіліп қалғаннан кейін Иорданиямен матчқа тастүйін дайындықпен шықты.

Алдымен орталық кортта өнер көрсеткен Мадияр Тағыбеков Шатара Талялмен бәсекеде ойын тізгінін бірден қолына алды. Қарсыласына бір ғана гейм берген Мадияр айқын басымдылық танытты.

Ярослав Пшеничный мен Жабер Амир кездесуінде бірінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Екіншісінде Ярослав еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Жұптық сында да Я.Пшеничный мен М.Тағыбеков қарсыластарын бет қаратпай ұтты – 6:1, 6:0.





Қыздар арасында қазақстандықтар үндістандықтармен кортқа шықты. Алдымен Эвелина Балаганская Майе Реватхиге есе жіберді – 6:7, 4:6. Дегенмен Ева Корышева Хариташри Векатештен айласын асырып, таразы басын теңестірді – 6:2, 6:4. Соңғы бәсекеде Сабина Шухратова мен Е.Корышева Реватхи мен Векатешті сүріндірді – 6:2, 6:4.

Осылайша өз топтарында үздік шыққан қазақстандық ұлдар мен қыздар финалға шығу үшін Өзбекстан құрамасымен таласатын болды.





Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қыздардың Азия біріншілігінің жартылай финалына шыққанын, Анна Данилинаның Дубайдағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Өзбекстан, Спорт,
Жоғары қарай