Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қостанайда жеке үйдегі өрт кезінде 7 жастағы қыз бала көз жұмды

2021 жылдың 25 қараша 2021 02:47

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда жеке үйдегі өрт кезінде зардап шеккен 7 жастағы қыз бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда 24 қарашада сағат 17:20-де Путейская көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны хабарланған. 14 минуттан соң өрт сөндірушілер 6 пәтерлі кірпіш үйге жетті. Ондағы пәтердің бірі өртенген, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

«Өрт жалпы 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру кезінде 4 тұрғын эвакуацияланып, жедел жәрдемге берілген. Қалалық ауруханаға 44 жастағы әйел жеткізілді. Денесінің 80-88 пайызын 3-ш дәрежелі күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның 46 жастағы күйеуінің беті мен қолы күйіп қалған. Дәрігерлер қарап оны үйіне жіберді. Осы отбасының жеті жастағы қызы ауруханаға жетіп үлгермей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп мәлім етті ТЖД өкілі.

Өрт сөндірушілер көрщші пәтердегі тағы да бір 8 жастағы баланы тауып, құтқарды. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеді.

«Өрттің қайдан, қалай шыққанын зертхана анықтайды. Өрт сағат 18:23-де толық сөндірілді. Оның сөндіруге 26 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды», - деп хабарлайды департаменттегілер.


Авторы Жанна Мұсабаева


Перевод Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Өрт, Қостанай облысы,
Жоғары қарай