Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейге 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

2021 жылдың 25 қараша 2021 00:47

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласына 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, «Сергек» фото-бейнетіркеу жүйесін енгізу мақсатында 5,2 млрд теңге бөлінген.

«40 жол қиылысында және 74 желілік учаскеде 1 391 камера, әлеуметтік нысандарда, көпқабатты тұрғын үй ауласында, адам көп жиналатын жерлерде 687 камера орнатылмақ. Бұндағы мақсат – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу. Биыл қаланың 27 көшесі орташа жөнделді. Ал 106 көше мен жергілікті маңызы бар жолдар ағымдағы жөндеуден өтті», - деді ол қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Дархан Жөргекбаевтың сөзінше, республикалық бюджет есебінен «Семей-Қайнар» тасжолының 53 шақырымы жөнделуде. Жалпы жыл сайын жол жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.


Жоғары қарай