Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оңтүстік Кавказ құбыры құрылысы кезінде 23 мың археологиялық олжа табылған

2021 жылдың 24 қараша 2021 22:11

БАКУ. Trend – ҚазАқпарат – Оңтүстік Кавказ құбырының құрылысы кезінде тек Әзербайжан аумағында 23 мың археологиялық олжа табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы bp компаниясының Каспий және Таяу Шығыс аймағындағы коммуникациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президенті Бақтияр Асланбейлі «Үлкен қайтарым: Мәдениеттің жаңғыруы» конференциясында мәлім еткен.

Оның айтуынша, соңғы уақытта «Шахдениз-2» жобасы аясында 11 мың археологиялық олжа табылған.

«Егер құрылыс барысында олжа табылса, жұмыс тоқтатылады, Мәдениет министрлігіне бұл туралы жеті күн ішінде хабарланады», - деді Асланбейли.


Басты сөздер: Әзербайжан, Мәдениет,
Жоғары қарай