Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жыл соңына дейін азаматтардың цифрлық «әлеуметтік әмияны» енгізіледі

2021 жылдың 24 қараша 2021 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың соңына дейін азаматтардың цифрлық «әлеуметтік әмияны» ілкі жоба ретінде енгізіледі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда саласын цифрландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Шағын және орта бизнеске электронды сауданы дамытуға тегін қолдау және көмек көрсету үшін SmartDuken.kz тұғырнамасы іске қосылады», - деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, Сауда жөніндегі сараптамалық платформа және Ұлттық тауарлар тізімін құру бағытында жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар жылдың соңына дейін іске қосылмақ.

«Азаматтардың цирфлық «әлеуметтік әмияны» енгізіледі. Ол азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіруге және банктік комиссияларға арналған бюджет шығыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. 2021 жылдың соңына дейін ілкі жоба Нұр-Сұлтан мен Павлодар қалаларында іске қосылатын болады , - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай