Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ТЖМ Абай шахтасындағы қайғылы оқиғаның себептерін атады

2021 жылдың 24 қараша 2021 18:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай шахтасындағы төтенше оқиға бойынша құрылған Үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын таныстыра келіп, қайғылы оқиғаның себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиғаның себептері туралы айтсақ, комиссия апат болған жерді екі мәрте тексеріп, куәгерлерден, оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша метан газының бөлінуі және тау-кен массасының опырылуынан газдинамикалық құбылыс туындап, салдарынан апат болған» - деді министр Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, комиссия осы жазатайым оқиғаға қатысы жоқ қайшылықтарды анықтаған. Нақты айтсақ, жұмысшылар мен техникалық-инженерлік мамандар саны жеткіліксіз болған.

«Екінші себеп – жұмыс беруші шахта алаңдарындағы геологиялық қайшылықтарға толыққанды барлау жүргізбеген. Үшіншіден, жұмыс беруші технологиялық құрылғы жабдықтарын жаңартуды уақтылы жүргізбеген. Төртіншіден, жұмыс беруші жұмыс орындарындағы барлық тәуекелдерді барынша азайтатын жаңа технологиялар мен жабдықтарды тиісті көлемде енгізбеген», - деді Юрий Ильин.

Министр Үкіметтік комиссияның қорытынды актілері тергеу органдарына берілетінін ескертті.

«Авариялық жағдайға кінәлі лауазымды адамдардың қатарын тергеу органдарының шешімі айқындайды. Комиссия өз жұмысын аяқтады», - деді Төтенше жағдайлар министрі.


Жоғары қарай