Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан мен Түрікменстан өзара вакцина паспортын мойындау мәселесін қарап жатыр

2021 жылдың 24 қараша 2021 18:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты вакцина паспортын мойындау жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстандағы Түрікменстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл бағытта екіжақты жұмыс жүріп жатыр. Жуырда Түрікменстан мен Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінің кездесуі өтті. Сол кездесуде екіжақты вакцина паспортын мойындау мәселесі де қозғалды. Жоспарда бар, нақты уақыты әзірге белгісіз. Жалпы бүгінде Түрікменстанда эпиджағдай тұрақты», - деді Батыр Реджепов тілшілердің сұрағына жауап бере тұра.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 3 мыңнан астам түрікмен азаматы тұрып жатыр.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынасқа арналған БАҚ арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Брифинг барысында түрікмен дипломаты аталған елдің бейтараптық саясатына қатысты түсінік беріп өтті.

Сондай-ақ, келер жылы Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндері өтетіні айтылды.



Жоғары қарай