Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейде 1100 орындық төрт балабақша салынады

2021 жылдың 24 қараша 2021 20:35

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 1100 орындық төрт балабақша бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы шаһар әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

«Білім беру нысандарын салу және қаланы абаттандыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде Би Боранбай көшесінде тротуарларды жайластыру, Восход кентінде спорт алаңын салу жұмыстары бар. Келесі жылы 33,5 млн теңгеге төрт жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Шығыс кенті, РСУ-1 және Шугаев көшелері бойында 3 балалар және бір спорт алаңының құрылысы қолға алынады», - деді ол.

Семейді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында келесі жылы Степной және Шығыс кенттерінде 300 және 1200 орындық екі жаңа мектеп ашылмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта қалада 2400 орындық үш мектеп, 1100 орындық төрт балабақша салу жоспарланған.


Жоғары қарай