Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шығыс Қазақстандағы 20 тасжол учаскесінде қар көшкіні қаупі жоғары

2021 жылдың 24 қараша 2021 15:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі жоғары 20 тасжол учаскесі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды.

«Облыс республика бойынша көшкін қаупі ең жоғары аймақтардың бірі. Мұнда қар көшкінін тежеуші 497 орын орналасқан. Оның 336-сы нысандар мен тұрғындар өміріне қауіп төндіреді. Осы ретте, тасжолдар бойындағы 20 учаске аса қауіпті. Атап айтқанда, «Өскемен-Самар», «Өскемен-Алтай», «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное», «Катонқарағай-Согорное-Барлық», «Катонқарағай-Рахман қайнары» және тағы басқа», - делінген ақпаратта.

Былтыр қыс мезгілінде Шығыс Қазақстанда көшкін қаупі бар учаскелерді тазалау үшін 90 жару жұмыстары жүргізіліп, 593 680 текше метр қар түсірілген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірдегі таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі 10-нан 70 сантиметрге дейін жетеді. Ең көп қар – «Өскемен-Самар» тасжолының бойында.


Жоғары қарай