Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Магистранттар мен докторанттардың 9% ғана өмірін ғылымға арнауда – Сенат спикері

2021 жылдың 24 қараша 2021 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Магистратура мен докторантурада білімін жалғастырған жастардың 9 пайызы ғана оқудан кейін ғылыми қызметпен айналысады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумында сөз сөйлеген ҚР Паламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев осындай статистика келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екіншіден, тұтынушылық идеологиясынан бас тарту қажет. Пандемияға дейін тұтыну мәдениеті бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Тіпті тұтыну өмірдегі ең басты мақсатқа айналды десек те артық бола қоймас. Жастар арасында да осындай үрдіс қалыптасқаны жасырын емес. Толассыз тұтыну тоқырауға, құндылықтардың құлдырауына әкеліп соғады. Сондықтан дұрыс құндылықтарды қалыптастыруымыз өте маңызды. Ол үшін жанашырлық, жауапкершілік, сабыр, мейірім сияқты адамгершілік қасиеттерді кеңінен дәріптеген жөн. Бұл ретте рухани кемелдікке, Абай атамыз айтқан Толық адам болуға ұмтылудың маңызы зор», - деді Сенат төрағасы.

Спикер жастарды «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұстанымға берік болуға шақырды.

«Коронавирус індеті кезінде денсаулықтың қадірін жете түсіндік. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстану аса маңызды. Жастардың гаджеттерге үңіле бермей, спортпен шұғылдануға басымдық беруі де өте өзекті. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, таза ауада жиі болу, демалыс және режимін сақтау – денсаулықтың негізгі факторлары. Сонымен қатар, бұл қағидалар қазіргі таңда жетістікке жетудің маңызды шарты. Жалпы денсаулықты сақтау, саламатты өмір салтын ұстану – адамның өз болашағына салған ең басты инвестициясы», - деген Мәулен Әшімбаев, келешекте білім мен ғылымның, технологиялардың рөлі қазіргіден де артатынын ескертті.

«Пандемия жағдайы ғылымның қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді. Бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен вакциналар ойлап табылды. Бұл өз кезегінде індетті салыстырмалы түрде жедел еңсеруге мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, күндлелікті өмірімізде ғылымның рөлі артып келеді. Кейінгі бес жылда елімізде магистратура мен докторантурада білімін жалғастырғысы келетін жастар саны өсіп отыр.

Алайда олардың 9 пайызы ғана оқудан кейін ғылыми қызметпен айналысады. Мемлекет ғылымды және жас ғалымдарды жүйелі түрде қаржыландырып, қолдау көрсетіп келеді», - деп түйіндеді ол.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Сенат,
Жоғары қарай