Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

2021 жылдың 24 қараша 2021 08:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Трансұлттық бокс рейтингі кеңесінің (TBRB) тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO Global чемпиондық титулын қорғап қалған болатын.

Қазақстан боксшысы осы жеңісі арқылы украиналық Сергей Деревянченконы TBRB рейтингінде бесінші орыннан сырғытты. Бұл тізімде бірінші орында IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр.

TBRB рейтингіндегі орта салмақтағы боксшылар тізімі:

1. Геннадий Головкин;

2. Джермалл Чарло;

3. Деметриус Андраде;

4. Хайме Мунгия;

5. Жәнібек Әлімханұлы;

6. Сергей Деревянченко;

7. Кіші Крис Юбэнк;

8. Мацей Сулески;

9. Лиам Уильямс;

10. Феликс Кэш.


Басты сөздер: Бокс, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай