Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал

2021 жылдың 24 қараша 2021 05:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 24 қараша күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Ақтау, Балқаш, Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай