Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркияда мигранттар мінген автобус аударылды

2021 жылдың 23 қараша 2021 19:25

ЭДИРНЕ. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияның солтүстік-батысында Эдирне провинциясы Лалапаша ауданында Ыстанбұлдан Болгарияға бара жатқан мигранттар мінген автобус аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Апат Ташлымюселлим елді мекеніне жақын жерде болған. Жүргізушіні қосқанда 16 адам зардап шекті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рульді басқара алмай, көлік құралы жолдан шығып кетіп, аударылған.

Зардап шегушілер Эдирне ауруханасына жеткізілді. Бір адамның жағдайы ауыр.

Мигранттар Ыстанбұлдан Болгарияға бара жатқанын айтқан, шағын автобус салонында 30-дан астам адам болған.

Зардап шеккендердің бір бөлігі жол апаты болған кезде оқиға орнынан қашып кеткен.


Басты сөздер: Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай