Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында жүкті әйел перзентхананың үшінші қабатынан секірмек болды

2021 жылдың 23 қараша 2021 18:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында перзентхананың үшінші қабатынан жүкті әйел секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

«Алматы облысындағы Қаскелең перзентханасының дәрігерлері терезеден секірмек болған жүкті әйелді құтқарып қалды»,- деп жазды желі қолданушы.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған оқиғаны растады.

«Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның 24 қазанда Қаскелең қаласының перзентханасында болғанын хабарлайды. Қарасай ауданының 41 жастағы тұрғынының 3-қабаттың терезесінен секіруге тырысқан»,- деп жауап берді ведомствадан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді және оның шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай