Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мүгедектерге нысандарды бейімдеу жұмысына қоғамдық бақылау күшейтіледі

2021 жылдың 23 қараша 2021 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мүгедектерге нысандарды бейімдеу жұмысына қоғамдық бақылау күшейтіледі. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анархан Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мүгедектігі бар адамдарға нысандарды бейімдеу мониторингін қоғамдық бақылау бойынша топтардың жұмысы жандандырылғанын атап өтті. Оның дерегінше, өңірлердегі мониторингтік топтар 4 мың нысанда бейімделу сапасына бағалау жүргізіп, 3 569 ұсыным беріді. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 1 447 хат жолданып, 29 ұйғарым жасалды.

Сондай-ақ, жіберілген заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті анықтау тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс арқылы реттелгенін айтады. Атап айтқанда, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу лауазымды тұлғаларға 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады.

«Айыппұлдар сомасы бақылау субъектілерінің мәртебесіне байланысты 145,8 мыңнан 1 млн 166,8 мың теңгеге дейін өзгереді. 1 жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін заң бұзушылық қайта анықталған жағдайда лауазымды тұлғаларға 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», – деді ол.


Жоғары қарай