Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да қар құрсауында қалған көлік құтқарылды

2021 жылдың 23 қараша 2021 11:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жолда қалған көлік жүргізушісіне құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қарашада кешкі уақытта Тарғын және Алғабас ауылдарының арасындағы жолда «Toyota Estima» автокөлігінің жүргізушісі қар құрсауында қалған. Ер адам құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұрады.

«Ұлан ауданының №31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп жетті. Бір сағаттан астам уақыт ішінде олар автокөлікті қардан шығарып, Тарғын ауылына дейін жеткізіп тастаған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, облыста дауылды ескерту жарияланған болатын. Бүгін күндіз өңірдің солтүстік-шығысында қар жауады. Батысында, солтүстігі мен шығысында боран мен көктайғақ болады деп күтілуде.





Жоғары қарай