Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Е-tutynushy» порталы меморгандардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады

2021 жылдың 23 қараша 2021 11:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға бірнеше тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші. Интернет-сауда саласында тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін Сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін электрондық сауда сегментінде құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Екінші. Азаматтардың өтініштерін жүйеге келтіру және мемлекеттік органдар тарапынан жедел ден қою үшін «е-tutynushy» жүйесін бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажет», - деген Асқар Мамин бұл міндетті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында орындауды тапсырды.

«Үшінші. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылық мәселелерінде үлкен әлеуметтік бағдарлану бар.

Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Сауда министрлігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, аталған тақырып бойынша халықтың хабардар болу жұмысын күшейткені жөн. Сондай-ақ осы мәселені 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде пысықтау керек», - деді Үкімет басшысы.


Жоғары қарай