Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оқу жылы басталғаннан бері 22 мың оқушыдан коронавирус анықталды

2021 жылдың 12 қараша 2021 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылының басталғаннан бері 22 мыңнан астам оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылының басталуына байланысты министрлік оқушылар арасындағы сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізуде. КВИ-дің 22 021 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылардың жалпы санының 0,6 пайызын құрайды. 160 мыңнан астам байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 1 409 оң нәтиже анықталды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, қазан айында қыркүйек айымен салыстырғанда оқушылар арасында сырқаттанушылықтың 1,2 есеге төмендегені байқалады. Бірінші тоқсанда 15 ауысым және 12 304 сынып карантинге жіберілген.

«Студенттер арасында 2 674 жағдай тіркелді. Оның ішінде 1 948 орта оқу орындарының студенттері арасында және 726 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында. Бұл орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,5 пайызын және жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,1 пайызын құрайды», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай