Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БАҚ маңызды қоғамдық институт ретінде мойындалуы керек – Тамара Калеева

2021 жылдың 8 қараша 2021 19:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева БАҚ саласының заңнамалық дамыту бойынша бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 үкіметтік емес ұйым өз тілектерін білдіру үшін осы шараға келіп отыр. БАҚ-пен жұмыс бойынша бізде үлкен тәжірибе бар. Оның ішінде жағымсыз тәжірибе де бар. Біз Үкіметке тұжырымдамалық және егжей-тегжейлі ұсыныстарымызды жеткізгіміз келеді. Атап айтқанда, жаңа заңда, ол қалай аталса да, сөз бостандығының кепілдіктері нақты белгіленуі керек. Әзірге бұл ұғым бізде тек Конституцияда ғана көрсетілген. Ал қолданыстағы БАҚ туралы заңда екі рет қана кездеседі. Сөз бостандығы бойынша кепілдіктер нақты болуы керек және олар нақты нормалар қолдауы керек»,-деді Тамара Калеева елордада өтіп жатқан бұқаралық медианы заңнамалық реттеу туралы конференция алдында.

Ол БАҚ туралы заңнаманың халықаралық стандарттарға сай болуы маңызды екенін жеткізді.

«Біз БАҚ туралы заңның халықаралық стандарттарға сәйкес келуін қалаймыз. Қазір бұл көрсеткіш 50%-дың айналасында деуге болады. Есепке алу және бақылау мәселесіне келсек, біз журналистердің құқығын қорғағымыз келеді. Біз БАҚ- тың мемлекетке қажетті маңызды қоғамдық институт ретінде мойындалғанын қалаймыз», - деді халықаралық қордың президенті.

Ол осы бойынша саланы реттеуші мемлекеттік органға нақты ұсыныстар жолданатынын айтты.

«БАҚ-ты тіркеу, БАҚ-қа арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу, мемлекеттік ақпараттық саясатқа қатысты нақты ұсыныстар да бар. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар жобасы жасалады», - деп түйіндеді Тамара Калеева.


Жоғары қарай