Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Жаңа Алматы» жобасы: Алатау ауданында инженерлік желілер мен жаңа жолдар салынуда

2021 жылдың 5 қараша 2021 22:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполистің Алатау ауданында «Жаңа Алматы» жоспары бойынша инженерлік желілер мәселесі толығымен шешіледі. Бұл туралы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, егер жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, 2024 жылға қарай инженерлік желілер мәселесі толығымен шешіледі.

«2019-2020 жылдары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша инженерлік желілердің құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Шаңырақ-1, Алғабас, Әйгерім-1,2, Ұлжан-1, Қарасу, Шапағат, Боралдай ықшам аудандарында жұмыстар жүргізілуде», - деді Әділет Тоқтасынов.

Сондай-ақ, Алатау ауданында электр желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданның 13 ықшам ауданындағы электр желілері жөнделеді.

Әділет Тоқтасыновтың айтуынша, «Жаңа Алматы» жобасы аясында Алатау ауданындағы 26 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде Солтүстік айналым магистралды көшелері бойынша – 2,1 км, Рысқұлов даңғылы (Саин көшесінен Емцов көшесіне дейін) – 1,8 км, Рысқұлов даңғылы (Емцов көшесінен Кудерин көшесіне дейін) – 2 км, Боралдай көшесі – 2 км, Емцов көшесі – 0,3 км.

«Биыл Самғау ықшам ауданында 4,6 км жол құрылысы аяқталды. Шаңырақ-5-те 6,6 км жол салынды, Өжет ықшам ауданында 11,2 км және Алғабас ықшам ауданында 31 км-ден астам жол құрылысы жұмыстары жалғасуда. Айта кетерлігі, биыл Алғабас ықшам ауданында 10 км жаңа жол салынады»,- Әділет Тоқтасынов.


Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс,
Жоғары қарай