Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көкшетауда бір күнде екі адам жүргінші жолында көліктің астына түсті

2021 жылдың 31 қазан 2021 22:34

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бір күнде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қазанда кешкі сағат 18:20 шамасында М.Ғабдуллин көшесінің бойымен Сарыарқа шағын ауданына қарай жүріп бара жатқан Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғыны басқарған «Лада 217230» автокөлігі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолынан өтпек болған 23 жастағы бойжеткенді қағып кетті.

«Жол - көлік оқиғасы салдарынан бойжеткен облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне «аяқ сынығы» диагнозымен жеткізілді», - деп ведомстводан.

Дәл сол күні кешкілік уақытта М.Әуезов көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі №175 үйдің маңында реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында 26 жастағы қала тұрғынын қағып кетті.

«Салдарынан әйел адам «жамбас сүйегінің төменгі ұшының сынуы» диагнозымен ауруханаға жатқызылды», - деп толықтырды ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, осы екі оқиғаға байланысты екі жүргізушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амлдары жүргізілуде.



Жоғары қарай