Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада үй карантинін сақтамаған он адамға 87 мың теңгеден айыппұл салынды

2021 жылдың 31 қазан 2021 08:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада оқшаулау режимін бұзғаны үшін тағы он тұрғынға 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтыне сілтеме жасап.

Елрдада COVID-19-ға қатысты «қызыл» және «сары» мәртебесі

адамдар үй карантинін сақтамайтын жағдай кездеседі.

Үй карантиніндегі адамдар, ең алдымен, айналасындағыларға жұқтыруы мүмкін. Егер адам ауруды жеңіл түрде өткізсе, бұл оған қала ішінде емін-еркін жүруіне мүмкіндік береді, ол адамнан жұқтырғандар аурухана төсегінен шығуы мүмкін. Тіпті арты өлімге соғуы мүмкін.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін тағы 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олар:

1. Э.К.Исаева

2. А. К.Байдеш

3. Ж.Б.Рахимова

4. Т.Б.Исабай

5. А.Т.Ділдәбекова

6. М.М.Ахметова

7. А.И.Жолдасова

8. А.А.Олжабаева

9. Н.А.Литвинова

10. Г.Т.Байлесова

Жоғарыда аты аталған азаматтарға қатысты материалдар тиісті шаралар

қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.

Мамандар азаматтарды қауіпті вирустың одан әрі таралуын болдырмау және өзі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

жауапкершілікпен қарауға және карантиннің барлық шараларын сақтауға

шақырады.


Жоғары қарай