Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін ел чемпионы анықталады

2021 жылдың 30 қазан 2021 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық ойындар бүгін, 30 қазанда өткізіледі.

Аталған турда жанкүйерлер 14.00-де басталатын «Шахтер» (Қарағанды) мен «Атырау», «Тараз» бен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы) ойындарына көз тігеді.

Ал 16.00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Тобыл» (Қостанай), «Астана» (Нұр -Сұлтан) мен «Тұран» (Түркістан), «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау) командалары кездеседі.

Қазір «Тобыл» мен «Астана» чемпиондыққа талас жүргізіп келеді. Оның бірі бүгін сүрінген жағдайда алтын медаль тағдыры шешілуі мүмкін.

Айта кетсек, «Қайрат» биылғы біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

25-тур нәтижесі бойынша 58 ұпаймен «Тобыл» көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Астананың» - 56, «Қайраттың» - 50 ұпайы бар.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай