Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Денесін бөлшектеп тастаған: Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот отырысы белгіленді

2021 жылдың 29 қазан 2021 17:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 19 жасар Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот талқылауы өтетін күн белгіленді. Сотталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Басты сот талқылауы 9 қарашаға белгіленген. Процесс жабық режимде өтеді. Алдын ала тыңдауда сотталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартты. Заң талабына сәйкес істі судья жеке дара қарайтын болады», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып, үйіне оралмаған болатын. Кейін Аяжан Еділованың денесі табылды.

Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды.

Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан. 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны қызды өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп тастаған.

Ал 20 қазанда Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі Алматы қалалық сотына түсті.


Жоғары қарай