Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда санақтан 2 миллионнан астам адам өтті

2021 жылдың 25 қазан 2021 16:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халық санағына Алматы қаласының 2 миллионнан астам тұрғыны қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі ұсынған дерекке сәйкес, Алматы тұрғындарының саны бүгінде 2 005 496 адамды құрайды.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласының жалпы тұрғынының 2 млн 86 мың 769-ы санақтан өтті. Биылғы жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша, онлайн санақтан 626 605 адам өтті, 25 қазандағы жағдай бойынша, 1 462 935 алматылық офлайн режимде өтті», - деп түсіндірді ведомстводан.

Алматының халық ең тығыз қоныстанған ауданы – Бостандық ауданы, онда 361 609 адам тұрады. Тұрғындардың ең аз саны жаңа Наурызбай ауданында тұрады – 159 115 адам.

Айта кетейік, Қазақстанда халық санағынан онлайн өту мерзімі ұзартылды.

Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильдік қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Онлайн өткен респонденттер телефонға келген SMS-хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олар сауалнамадан қайта өтпейді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Халық санағы,
Жоғары қарай