Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ауыр атлетика: Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды

2021 жылдың 11 қазан 2021 23:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода Сауд Арабиясының Джидда қаласында 3 және 12 қазан аралығында өткізілуде. Қазақстандық ауыр атлет 102 келі салмақта сынға түсті.

Қоссайыстың қорытындысында Рахат 355 келіні бағындырды. (155+200) Одан кейінгі орындарға түркиялық Танер Чаглар (152+185) мен ирактық Аммар Рубайави Али (149+185 қол жеткізді.

Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Жастар арасында ҚР құрама команда мүшесі.

Айта кетейік, ол 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын. Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай