Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Зүлфия Ғабидуллина Токиодағы Паралимпиаданың финалына шықты

2021 жылдың 2 қыркүйек 2021 10:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық паражүзуші Зүлфия Ғабидуллина Токио қаласында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін жүзуден (S4) финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы бұл қашықтықты 44.57 секундта жүзіп өтіп, өз стартында сегізінші, ал квалификацияның жалпы есебінде сегізінші болып, финалға қатысушылар тізіміне ілікті. Жарыс финалы бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:38-де өтеді.

Еске сала кетсек, Зүлфия Ғабидуллина – 2016 жылғы Паралимпиада ойындары мен 2018 жылы өткен Паразиада ойындарының жүз метр қашықтыққа еркін жүзуден өткен жарыстардың алтын жүлдегері.


Басты сөздер: Спорт, Паралимпиада,
Жоғары қарай