Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Туыстары мен достарын ірі сомада ақша алып алдаған алматылық ұсталды

2020 жылдың 1 қазан 2020 14:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғындарды ірі көлемдегі сомаға алдап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 жастағы ер адам кепілге қойылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікке арналған банк саудасына қатысуды сылтауратып, туыстары мен достарынан ірі көлемде ақша алып, алдап кеткен.

«Күдікті адамның банктермен байланысы болмаған, бірақ кепілдікке қойылған мүлік аукционының жүйесін білген. Ол өзінің құрбандарын үйді немесе көлікті тиімді түрде нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатып алуға болатындығына сендірген. Әрине, бұл үшін қаражат қажет болды. Кейбір клиенттер бірден бірнеше мүлік нысандарын алмақ болған. Мысалы, жәбірленушілердің бірі 182 миллион теңгесін берсе, екінші адам 386 мың АҚШ долларын оның қолына сеніп тапсырған», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бүгінде келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен бір миллион долларға жетті.

«Әрине, ол ешқандай міндеттемені орындауды көздеген жоқ. Ол ақшаны оңай жұмсады, өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алып, шетелге шығып үлгерген, жалпы алғанда, ол өз жағдайын жасап алды. Бірақ ұзақ емес. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен айып тағылған (Ірі көлемдегі алаяқтық) Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, бізге мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102», – деді полковник Іңкәров.


Жоғары қарай