Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бас прокуратура Қордай оқиғасы бойынша шыққан сот үкіміне түсінік берді

2020 жылдың 1 қазан 2020 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокуратура Қордай оқиғасының қатысушыларына қатысты шыққан үкімге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 29 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдары Алматы гарнизоны әскери сотының Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адамды сотталғанын хабарлады.

Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ұрлық жасағандары және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандары үшін әскери қызметші У. Атанбаев, сондай-ақ А. Тілеуғалиев, А. Нұраханов, Е. Буралкинов, Р. Бежібай, М. Дүйсенбаев және Б. Ибрагимов 3-тен 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Бұрын тергеу барысында У. Атанбаевқа және оның сыбайластарына қатысты материалдар істің әскери сотқа жіберілуіне байланысты жеке іс жүргізуге бөлек алынған болатын.

Сонымен қатар 21 шілдеде арнайы прокурорлар 51 адамға қатысты тергеуді аяқтады.

Оларға биылғы жылдың ақпан айында Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында болған оқиғалар барысында күш қолдану, кісі өлтіру, мүлікті өртеу және қирату, жаппай тәртіпсіздіктерге арандату және билік өкілдерінің талаптарына бағынбау бойынша айып тағылды.

Қазіргі уақытта айыпталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуда, содан кейін іс сотқа жолданатын болады.

«Сондай-ақ биылғы жылдың наурыз бен тамыз айлары аралығында полицейлерге зорлық-зомбылық көрсеткен ағайынды Воингуйдің (18 наурызда 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды) Құдашбаевтарға қатысты адамдар тобында денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргендері және бұзақылық жасағандары үшін әкелі-балалы Юнхудың (24 сәуірде әрқайсысы сәйкесінше 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды және шектелді) 54 дана «Молотов» коктейлін дайындағаны және тасымалдағаны үшін Р. Вейсердің (12 тамызда 3 жылға бас бостандығынан айырылды) сотталғандарын еске саламыз»,-делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл биылғы жылдың 7 ақпанында Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болды.


Жоғары қарай