Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайында коронавирусқа тексеру жұмыстары күшейтіледі

2020 жылдың 1 қазан 2020 09:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров COVID-19-ға зерттеулер жүргізетін қала зертханаларының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен бірлесіп өткізілді. Басты мақсат — зертханалардың коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына дайындығын талқылау, қазіргі жағдайды бағалау және алдағы кезеңге реагенттер қорын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні мегаполис аумағында COVID-19-ға полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тексеретін 17 зертхана бар. Оның қуаттылығы тәулігіне орташа есеппен 10 150. Наурыз айынан бастап ПТР әдісімен 550 мың зерттеу жүргізілді. Болашақта зертханаларда жүргізілетін зерттеулердің жалпы қуатын тәулігіне 20 мыңға дейін ұлғайту жоспарда.

Алматыда коронавирусқа ПТР-зерттеулер жүргізетін 17 зертхана:

Модульдік зертхана;

- «Приват клиник Алматы» ЖШС;

Алматы қаласы бойынша «ҰСО» филиалы;

- «ОЛИМП» КДЗ ЖШС;

- Санитарлық-эпидемиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы;

- 12 И. Жекенова атындағы ҚКЖАА;

«El Lab PCR» ЖШС;

- Педиатрия және балалар хирургиясы ҰО АҚ;

- «Аква Лаб» ЖШС;

- «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ МКК»;

- «Medical Partners Korea Qazaqstan»ЖШС;

- М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы;

- «НұрЛаб-2030» ЖШС;

- «Innosol» ЖШС;

- «Иммунотест» ЖШС;

- «Гамма Лаб» ЖШС;

- М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы «Биотехнология ұлттық ғылыми орталығы».

ПТР және ИФТ зерттеулер жүргізу қуатын одан әрі арттыру мүмкіндігі бойынша зертхана басшылары тыңдалды.

Ержан Бабақұмаров күзгі-қысқы кезеңде қажеттілік артқан жағдайда ПТР тестілеуін үздіксіз жүргізу үшін реагенттердің жеткілікті санын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Сонымен бірге, шетелден жолаушылар ағынының ықтимал өсуін ескере отырып, Алматы халықаралық әуежайы аумағында жедел диагностиканы қамтамасыз етудің, келетін контингентті тексеру бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Халықты ПТР-диагностикалау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды. Бұған дейін мегаполис аумағында жұқтыру статистикасында қала маңындағы аймақтарда да ауру жағдайлары көрініс тапқаны айтылған болатын. Осылайша, ақпараттық жүйелерді интеграциялау тестіленетін қала тұрғындарын есепке алу тиімділігі мен сырқаттанушылық динамикасын арттырады.


Жоғары қарай