Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада оңтүстік-батыс айналма жолға баратын учаске жабылады

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада оңтүстік-батыс айналма жолға шығатын учаске 7 қазанға дейін толығымен жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

30 қыркүйектен 7 қазанға дейін жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарланып отыр.

«Қалада кептеліс тудырмау үшін жүргізушілер баратын бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, Жол,
Жоғары қарай