Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап, мерт болды

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 12:37

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға бүгін Ружейников көшесі бойында «Болашақ-Т» ЖШС салып жатқан көпқабатты үйде болды.

Жедел жәрдем сағат 03.15-те шақырылды.

Осында монтажшы болып жұмыс істейтін Ақжайық ауданының 24 жастағы тұрғыны 5-қабаттан құлап кеткен. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Ружейников көшесі 14-мекенжайында болғанын растап, толық мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мектеп жанында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушінің жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай