Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Энергетика министрі отын жеткізушілер алдындағы берешекті жою туралы айтты

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан отын жеткізушілер алдындағы берешекті жою мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда, 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өту үшін ең алдымен электр стансаларындағы, электр желілеріндегі барлық жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындау; отын жеткізушілер алдындағы берешекті жоюды қамтамасыз ету; коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін жою бойынша шаралар қабылдау қажет», - деді министр.

Сонымен қатар, ол елді мекендердің білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, әлеуметтік және мәдени нысандарын жылумен жабдықтау жүйесіне уақтылы қосуды қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

«Коммуналдық және денсаулық сақтау нысандарын дербес резервтік электрмен жабдықтау көздерімен қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ жылыту кезеңінде электр стансаларына, қазандықтарға және тұрғындардың қажеттіліктеріне көмір мен мазуттың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету қажет деп санаймыз. Энергетика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердегі жылыту маусымының дайындығы мен барысын бақылау жұмыстарын одан әрі жалғастырады», - деді Нұрлан Ноғаев.


Жоғары қарай