Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 30 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді.

30 қыркүйекте және 1-2 қазанда Жамбыл облысында тұман, шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с артады. 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. Түнде және таңертең 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артуы мүмкін.


Жоғары қарай