Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан қаласында жылу тарифі өсе ме

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 13:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада жылу энергиясын беру және тарату тарифі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021-2025 жылдарға арналған тарифтік смета жобасына сәйкес жылу энергиясын беру және тарату тарифі: 2021 жылы - бір гигакалория үшін 1691 теңге; 2022 жылы - бір гигакалория үшін 1 941 теңге; 2023 жылы - бір гигакалория үшін 1 989 теңге; 2024 жылы - бір гигакалория үшін 2023 теңге; 2025 жылы - бір гигакалория үшін 2 094 теңге. 2021 жылға арналған тарифтің өсуі 2020 жылғы тарифке қарағанда 39,4%, 2022 жылы 2021 жылға арналған тарифке қарағанда 14,8% көп болады. Есептеулерде инфляция индексі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қолданылды: 2021 жылы 6%; 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 5% болмақ», - дейді «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қанат Мукин.

Оның айтуынша, «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның 2019 жылғы негізгі қызметіндегі қаржылық шығыны 749 миллион теңге болған. 2020 жылы негізгі қызметтің нәтижелері бойынша болжамды шығын 1 миллиард 15 миллион теңгені құрайды. Бұл, ең алдымен, бекітілген тарифтік сметаның қызметтің реттелетін түрін жүзеге асырумен байланысты шығындардың жекелеген баптарын толық өтемейтіндігімен байланысты және нақты шығындардың тарифтік сметада бекітілгеннен асып кетуіне байланысты кәсіпорынның қажетті кірісін қамтамасыз ете алмайды.

2016-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік шектің аяқталуына байланысты Компания 2021-2025 жылдарға арналған тарифтік шекті бекіту туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінді.

Қанат Мукин жылу энергиясын беру және тарату тарифінің күтілетін өсуі бірнеше факторларға байланысты екенін атап өтті.

«Бірінші, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жылумен жабдықтау нысандарының құрылысы үшін алынған несие бойынша негізгі қарызды төлеуге шығындарды қосу. Екінші, компания балансына жылумен жабдықтау нысандарын, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерін, жұмыс істемейтін желілерді беру, сондай-ақ 2021-2022 жылғы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жалпы сомасы 33 млрд.теңгеге салынған нысандарды пайдалануға беру. Үшінші, қызмет көрсетілетін жылу желілерінің ұзындығының артуы. 2025 жылы жылу желілерінің ұзындығы 100 шақырымға ұлғайып, 940 шақырымды құрайды. Төртінші, жұмысшылар санының өсуі, бұл қызмет көрсетілетін жылу желілерінің ұзындығымен, жаңа сорғы станцияларының іске қосылуымен және қызмет көрсету аймағының кеңеюімен байланысты. Бесінші, бөгде ұйымдардың материалдық ресурстарына және қызметтеріне бағаның өсуі. Алтыншы, негізгі қызметтен кәсіпорынның шығынын азайту», - дейді ол.


Жоғары қарай