Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда туристер арасында жарақат алу жағдайлары көбейіп барады

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 12:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құтқарушылар тауға шыққандар арасында жарақат алушылар көп болғанына алаңдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірыңғай диспетчерлік қызметке 28 қыркүйекке дейін 37 рет қоңырау түскен.

Жыл басынан бері құтқарушылар биік тау шыңынан 4 адамды құтқарып, қайтыс болған 1 адамды түсірді.

Барлығы осы уақыт аралығында тауда адасқан, жарақат алған 68 турист құтқарылды.

27 қыркүйекте түскі 15:30-те «109» қызметі Медеу тау шаңғысы курорты маңындағы «Горельник» сарқырамасы маңында 55 жастағы әйелдің аяғын қайырып алғаны туралы хабарлама түсті.

«Бұл әйелді құтқаруға 5 адамнан тұратын экипаж жіберілді. Жарақат алған әйел теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте орналасқан Горельник сарқырамасы жанынан табылды. Оның сол аяғының тізесі шығып кеткен. Алғашқы көмек көрсетілген соң мамандар әйелді арнайы құтқару зембіліне салып, төмендегі жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Турист №4 ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы құтқару қызметінен.

109 құтқару қызметі алматылықтарға тауға шығуда абай болуды ескертеді.


Жоғары қарай