Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда дүкен шатырынан секірмек болған 11 жасар бала құтқарылды

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 14:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда патрульдік полицей дүкен шатырынан секірмек болған баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 27 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында драма театры аумағындағы модульдық бекетте кезекшілікте тұрған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, полиция кіші лейтенанты Нұрбол Сайыпқа кездейсоқ өтіп бара жатқан адам жасөспірім баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын хабарлаған.

Полиция кіші лейтенанты бірден оқиға орнына бет алады. Жасөспірім Б.Момышұлы көшесіндегі №27 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің екінші қабатындағы балконнан төменде орналасқан дүкеннің шатырына секіріп түскен. Одан жерге секірмекші болған жасөспірімді тоқтатқан Нұрбол Сайып дүкеннің шатырына көтерілген.

Кейін белгілі болғандай, 11 жасар Диасты анасы үйде жалғыз қалдырып, пәтерді сыртынан кілттеп кеткен. Сол кезде белгісіз біреулер, есікті қатты соққылап, ашуды талап еткен. Қорыққан бала балкон арқылы шыққан» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Диастың дүкен шатырынан секіруіне жол бермей, жедел әрекет еткен полиция кіші лейтенанты Нұрбол Сайыпқа оның анасы ризашылықпен алғыс айтты.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай