Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылдың соңына қарай Қытай 600 млн астам коронавирус вакцинасын өндірмек

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 12:18

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай 2020 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның 610 миллион дозасын, ал 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозаны өндіреді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның медициналық ғылым мен технологияларды дамыту орталығының директоры Чжэн Чжунвэй мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі. «Қытайдың коронавирус вакциналарын шығарудағы өндірістік қуаты 2020 жылдың соңына қарай 610 миллион дозаны және 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозаны құрайды», - деді Чжэн Чжунвэй.

Сонымен бірге, шенеунік халықты вакцинациялау кезең-кезеңімен, ең алдымен коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары адамдар, атап айтқанда «алдыңғы қатардағы» медицина қызметкерлері мен халықтың осал топтарының өкілдері (олардың қатарына қарт адамдар, жүкті әйелдер, балалар кіреді) басымдық ретінде жүргізілетінін атап өтті.

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Цзэн Гуанның айтуынша, қытайлық коронавирус вакциналары адамның иммундық жүйесін салыстырмалы түрде ұзақ уақыт қорғай алады.


Авторы: Руслан Сүлейменов


Басты сөздер: Қытай, Коронавирус, Медицина,
Жоғары қарай