Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда базардың бір бөлігі өртеніп кетті

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 12:01

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 22 шағынауданда орналасқан «Масат« базарында өрт болды. Қызыл жалынды сөндіруге жүзден астам адам тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаментте хабарлағандай, базардағы өрт туралы сағат 6.55-те қоңырау түскен. Өрт салдарынан 17 сауда дүңгіршегі мен 14 контейнер, шатыр астындағы 60-қа жуық сөре жанып кеткен.

«Қызыл жалын 8.16-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күреске ТЖД-нің 65 қызметкері және 11 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінің 10 қызметкері және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полиция қызметкері және 25 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.



Жоғары қарай