Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысы елордаға 225 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 11:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысынан шамамен 225 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеліп отырмыз. 297 тонна ауылшаруашылық өнімін, оның ішінде 150 тонна картоп, 45 тонна жылқы еті, 45 тонна бал әкелдік. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанда өндірілетін күнбағыс майын, қымыз, бал, балық және басқа да өнімдерді әкелдік», - дейді өңір басшысының орынбасары Ержан Нұрбаев.

Оның айтуынша, жәрмеңкеге әкелінген барлық өнім өтіп кетеді, себебі қала тұрғындары мен қонақтары карантиннен кейін осындай жәрмеңкені асыға күткен.





«Өскемен қаласынан 5 тоннадан астам бал, 5 тоннадан астам сүт өнімдерін әкелдік. Ауыл шаруашылығы өнімдері жақсы өтіп жатыр. Арнайы ШҚО өнімдерін алу үшін келетіндер бар. Осы жерге таңғы 05:00-де келіп, сататын өнімдерді орналастырдық, сағат 07:00-де қала тұрғындары келіп, сатып ала бастады. Бір ай бұрын кәсіпорындарға хат жолдап, жәрмеңке болатынын хабарладық. Одан кейін олар бізге қандай өнімді қандай бағамен ұсына алатындарын айтты. Біз талапқа сай кәсіпорындар туралы ақпаратты елорда әкімдігіне жіберген болатынбыз», - дейді Өскемен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық, ветеринария бөлімінің басшысы Гасан Тұрғанбаев.





























Жоғары қарай