Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-ның Жарма ауданында 60 жоба жүзеге асырылуда

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 05:05

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында әлеуметтік нысандарды жөндеп, елдімекендерді абаттандыру мақсатында 60 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраевтың айтуынша, 60 жобаның 25-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған.

Бүгінде Қалбатау ауылындағы үш көше мен Шар қаласындағы Қабанбай көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шар қаласындағы Амангелді көшесіне, Қалбатаудағы екі көшеге, сондай-ақ Әуезов кентіндегі Геология көшесіне жарық тартылды. Қалбатау ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ойын алаңы салынған. Шуақ ауылында балаларға арналған ойын алаңы бой көтерді.

«Бүгінгі күні 23 жоба жүзеге асырылды. Ал қалған екі жоба жуықта аяқталады. Сонымен қатар «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 жоба қолға алынған. Әуезов кентінде 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр», - деді Айдар Ибраев.

Бақыршықтағы орта мектеп пен Абай атындағы мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 486 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүруде. Бұдан бөлек, Қалбатау ауылы мен Әуезов кентіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Жоғары қарай