Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл» партиясының жалпыұлттық сауалнамасы: Халықты қандай мәселелер толғандырады

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 14:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы халықты толғандырып жүрген мәселелер бойынша «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнамасын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауалнама 23 қыркүйекте басталды және оған республика азаматтары онлайн және дәстүрлі түрде жауап бере алады. Екі күнде екі мыңнан астам респондент электрондық сауалнамаға қатысып, «Ауыл» партиясына аманаттарын жолдаған.

Нұр-Сұлтан қаласындағы партияның Жастар қанаты «Ел Аманаты» сауалнамасының өткізу бойынша алғашқылардың бірі болып іске кірісті.

«Сауалнама бір ай бойы жүргізіледі. Мұнда халықтың көкейінде жүрген сұрақтар қамтылған және өз ұсыныстарын жазу мүмкіндігі берілген. Электронды форматта сауалнамаға әлеуметтік желілер арқылы қатысып, кез келген мессенджер арқылы сілтемесін ашуға болады.Ал дәстүрлі форматта волонтерларды біріктіріп, әр аймақтарға, облыс-аудандарға бөлу арқылы сауалнама жүргізіп келеміз. Халық көтеріп отырған негізгі сұрақтар да бар, мәселен елордада үй мәселесі, көпбалалы аналар жағдайы, оқу бітірген соң, жұмыссыз қалған жастар, несиенің пайызын төмендету тақырыптары көтеріліп отыр. Ыңғайлы, қолжетімді формат, түсінікті мазмұн респонденттердің көп уақытын алмайды. Сондықтан қоғам мәселелеріне бей-жай қарамайтын саналы азаматтарды сауалнамаға қатысуға шақырамыз.Біз үшін қатысушылардың әрбір аманаты маңызды», - деді «Ауыл» ХДПП еріктісі, студент Руслан Сейітхан С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да «Ел Аманаты» сауалнамасы бойынша Жастар қанаты ұйымдастыру алқасының жиынында.




Жастар қанаты өкілдерінің айтуынша партияның халықтың көкейінде жүрген әлеуметтік және экономикалық мәселелерге баса назар аударуы аса маңызды.

Сонымен бірге, жас ауылдықтар сауалнаманың заманауи цифрлық технологиялар бойынша өткізілуі қатысушылар ауқымын мейлінше кеңейтетінін атап өтті.

Сауалнама қорытындысы бойынша қордаланған мәселелер қоғам елегінен өтіп, партияның бағдарламасына енгізіледі.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Партиялар, Қоғам,
Жоғары қарай